Қытайдың Чэнду қаласының 27 жастағы тұрғыны Сяо Яо өзінің коронавирусты қалай жұқтырғаны туралы айтып берді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қытайлық азамат вирусты қашан және қайда жұқтырғанын білмейді. Оның айтуынша, ол коронавирусты Хубей провинциясының Цзиньчжоу қаласында жаңа жылды қарсы алуға бара жатқан да пойызда жұқтырған болуы мүкін.
Яоның сөзінше, ол Уханьда коронавирустың өршуі, инфекцияның таралуы туралы естіген. Отбасын қорғау үшін азамат жаңа жыл кезінде өзі үйінің жанындағы қонақүйге жайғасқан. Кейіннен оның үйіне оралуына мүмкіндігі болмады. Өйткені сол уақытта Хубей провинциясының көп бөлігін карантинде ұстаған.
Ол 1 аптадай қонақ үйге тұрақтап, онда кеспе (лапша) тағамдарын жейді. Бір күні оның кенеттен ыстығы көтеріліеді. Бірақ ол көмекке ешкімді шақырмайды. Ауру сейілмегеннен кейін Сяо онлайн-дәрігердің көмегіне жүгінеді.
– Мен кенеттен дене қызыуымның көтерілгенін сезіп, шара қолдануға кірістім. Дәрігер жоғарғы тыныс жолдарында инфекцияның белгілері болуы мүмкін екенін айтып, ауруханаға баруға кеңес берді, – дейді қытайлық азамат.
Кейіннен Қытай үкіметі Сяо тұрақтаған қонақ үйді жауып тастаған. Содан ол досының үйіне баруға мәжбүр болды. Сол уақытта Сяо қатты жөтелмен ауырып, досының да дене қызуы көтеріліп, уақытша ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Ол ақпанның 4-і күні коронавирус жұқтырғанын біледі. Қазіргі таңда жас жігіт аурудан айығып, қалпына келді. Сяо әрі қарай коронавирусты зерттеу үшін қан тапсыруды жоспарлап отырғанын айтты.
Пікір қалдыру