Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматты коронавирус жұқтырды деген ақпарат әлі расталған жоқ. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Министрлік хабарламасына қарғанда, Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде тарған ақпарат тексеріліп жатыр.
"Корея тарапына Сеулдегі Қазақстан елшілігіне ешқандай ресми хабарлама келген жоқ. Біздің дипломаттар Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде тарған ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатыр" делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұған дейін Қазақстандағы мемлекеттік арналардың бірі – Хабар 24 Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматтан коронавирус белгілері анықталғанын хабарлаған.
Көп ұзамай бұл ақпарат арнаның сайтынан өшірілді.
♦Оқи отырыңыз:Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны хабарланды
Пікір қалдыру