Сайрагүл Сауытбай "Батыр әйелдер" халықаралық сыйлығының иегері атанды

/image/2020/03/04/065106751700.jpg

АҚШ билігі халықаралық "Батыр әйелдер" сыйлығын иеленгендердің тізімін жариялады. Сыйлықты иегерлерінің қатарында этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай да бар. 

"Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы Іле қазақ автономиясында дүниеге келген. Кейін медициналық университетті аяқтаған соң дәрігер, мұғалім, білім беру саласында директор болып қызмет атқарған. 2016 жылы Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Қазақстанға көшкісі келеді. Бірақ Қытайдың коммунистік партиясы Сайрагүл Сауытбайдың құжаттарын тартып алып, өзін Қазақстанға жібермей қойған. 2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы наурызға дейін Сайрагүл Сауытбай лагерьде тұтқындалған этникалық ұлттарға қытай тілін үйретуге мәжбүр болды. 2018 жылдың наурыз айында Сайрагүл Сауытбай Қазақстанға қашып кетеді. Кейін ол Қытайдың мұсылмандарға жасаған репрессиясының құрбаны болғанын мәлімдейді. Ол Қытайдың мұсылмандарға қысым жасағанын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді.  Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған соң, былтыр 3 маусымда отбасымен бірге Швецияға кеткен" деп жазылған шетелдік басылымда. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар