Оңтүстік Кореядағы қазақстандық анализінің қорытындысы қазақстандықта коронавирус белгілері жоқ екенін көрсетті.
"Бұған дейін Оңтүстік Кореядағы қазақстандық коронавирусты жұқтырды деген болжам айтылды. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі хабарлаған болатын. Кейін Қазақстан азаматы керекті анализді тапсырған. Кореядағы ауруын бақылау және алдын-алу орталығының мәліметінше, қазақстандық коронавирус жұқтырмаған", - делінген СІМ таратқан хабарламада.
СІМ қазақстандықтың анализ нәтижелерімен танысқанын айтты.
Пікір қалдыру