Коронавирус жұқтырғандардың саны 94 мыңнан асты

/image/2020/03/04/crop-147_5_436x581_photo_64422.jpeg

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 94,2 мың адам коронавирусты жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 3214 адамды құрайды. Ал аурудан айығып, қалпына келген науқастар саны 51 мыңнан асты.  

  • Инфекцияны жұқтыру жағынан Қытай алдыда келеді, - 80,2 мың адам. (күніне 119 жаңа жағдай тіркелген).
  • Екінші орында - Оңтүстік Корея - 5,6 мың адам (435 жаңа іс тіркелген).
  • Иран вирусты жұқтыру жағынан төртіншіден үшінші орынға көтерілді. Онда вирус жұқтырған науқастар саны 1,5-тен 2,9 мың адамға дейін өсті.
  • Төртінші орында, Италия - 2,5 мың вирус жұқтырған.

Жапонияда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 1000-нан астқан.

Таңертең коронавирустың тағы 8 елге енгені белгілі болды. Олар: Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегал.

Сауд Арабиясы вирустың ел ішінде тарамауын тоқтату үшін, алдын-ала шаралар қолданды. Яғни олар көршілес елдердің азаматтары үшін виза беруді шектеді. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар