ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов коронавирусқа қарсы қажетті сақтық шаралары жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ жергілікті кәсіпорындарда жедел түрде 500 мың маска шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Instagram желісіне жариялаған видеода айтқан.
"Өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
⠀
Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!
⠀
Өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданды. Тез арада 500 мың маска шығарамыз деген сенімдемін" деді Даниал Ахметов.
Пікір қалдыру