Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс кезінде қыздарды оқуға емес, бала тәрбиесіне баса мән беруге шақырды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
– Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз, – деді Жәлел өз сөзінде.
Абайтанушының бұлай деуі кейбір оқушы қыздардың ашуын туғызды. Мәселен, 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек instagram желіcінде пост жазып, Жәлелдің сөзімен келіспейтінін білдірген. Ол әйелдерді өз құқықтарын қорғауға шақырды.
Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдап отыр.
– Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбектің ұстанымын қолдайды және оның Instagram желісіндегі қыздардың заманауи қоғамдағы миссиясы туралы жазбасымен келіседі, – деп мәлімдеді НЗМ өңірлік филиалы facebook парақшасында..
Пікір қалдыру