Министр коронавирустан қайтыс болды деген қазақстандықтар туралы түсінік берді

/image/2020/03/05/crop-171_12_505x674_oduhacyz.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус ауруынан 2 адамның қайтыс болуы туралы жаңалыққа түсінік берді.

– Біз күн сайын коронавирустың жай-күйі туралы сөйлесіп отырғанымызға қарамастан, бүгін WhatsApp-та Нұр-Сұлтан қаласында вирустан 2 адамның қайтыс болуы туралы ақпарат тарады. Кеше біз Алматыда Қытай азаматтары емделіп жатыр деген хабар тараттық. Біздің міндетіміз – азаматтарымызды инфекциядан қорғау ғана емес, халыққа сенімді ақпарат беру, – деді Біртанов.

Ол ақпарат шындыққа жанаспайтынын және қазақстандықтар тек денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараттарына сенуі керектігін атап өтті.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар