Оңтүстік Кореядан Алматы қаласына келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды. Келген жолаушылардың 93-і қазақстандық болса, жетеуі басқа елден.
"5 наурызда 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам ұшып келді. Олардың 97-сі – транзитпен келгендер (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, Ресей – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан – 1). Қырғызстан өз азаматтары үшін арнайы автобус жіберіп, 21 азаматын алып кетті" деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Ал карантинге 100 адам жеткізіліп, орналастырылған. Олардың арасында төрт бала бар.
Еске сала кетсек, Қазақстанда Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген азаматтар 14 күнге карантинге жабылады.
Пікір қалдыру