Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Владислав Челах өлді деген ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.
"Бұл - жалған ақпарат. Ол тірі. Жазасын «Қара бүркіт» арнайы режиміндегі колонияда өтеп жатыр. Денсаулығы да бірқалыпты", - деп түсіндірді ведомства өкілі.
Бұған дейін БАҚ-та Владислав Челахтың суицид жасады деген ақпарат тараған болатын.
Еске салсақ, шекарашы болып қызмет еткен қарағандылық Владислав Челах 2012 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Оған "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашыны өлтірді деген айып тағылды.
Пікір қалдыру