Нұр-Сұлтанға Сеулден 178 жолаушысы бар борт келіп қонды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Келгендердің ішіндегі 93 қазақстандық стационардағы карантинге жатқызылады, транзит жолаушылар өзге елдерге кетеді.
– Бүгін елорда әуежайына Сеул – Нұр-Сұлтан борты ұшып келді. Жалпы 178 адам, оның ішінде 85 адам транзитпен келген, Ресей – 31, Өзбекстан – 51, Грузия – 3 жолаушы. 93 қазақстандық бар, олардың екеуі бала. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықтарға жеткізіледі, – деді Ахметшәріп брифингте.
Ол транзиттік азаматтардың әуежайдан шықпағанын түсіндірді.
– Жолаушылар қазір өз рейстерін күтуде. Яғни, олар Қазақстан шекарасынан өз отандарына оралуды жоспарлап отыр, – деді Диас Ахметшәріп.
Пікір қалдыру