Метанол спиртінің көмегімен коронавирустық инфекцияны емдеуге болады деген қауесет Иранда кем дегенде 44 адамның өмірін қиды, деп хабарлады FoxNews.
Инфекциядан құрбан болғандар саны күннен-күнге көбеюде. 200-ден астам адамды ауруханаға жеткізді, ондаған адамда көзінің көруі нашарлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккен ирандықтар коронавирусты жеңуге үміттеніп, құрамында метанол, антифриз, автомобиль жанармайы бар кез келген химикатты ішуге дайын екенін айтқан болатын.
Бұған дейін Альборц қаласы прокуратурасының өкілі Мохаммад Агаяри әлеуметтік желіде "метанол коронавирустпен күресуге көмектеседі" деген жалған ақпараттың таралғанын мәлімдеген.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 8042 адамға дейін өсті. 2731 адам емделіп шықса, қайтыс болғандар саны 297 адамға жетті.
Пікір қалдыру