Apple коронавирус кесірінен арзан iPhone-ның тұсаукесерін кейінге қалдырды

/image/2020/03/11/crop-41_4_697x1239_maxresdefault.jpg
Apple компаниясы коронавирустың өршіп тұруына байланысты наурызға жоспарланған жаңа iPhone SE 2 смартфонының таныстырылымын кейінге қалдырды, деп жазады Today.kz.

Компания тұсаукесер өтетін датаны әзірге хабарлаған жоқ.

Аталған шешім Apple-дың штаб-пәтері орналасқан Америкадағы Санта-Клара округында адамдар көп жиналатын шараларға тыйым салынумен байланысты.

ІPhone SE 2 немесе iPhonе 9 деп аталуы мүмкін смартфон таныстырылымы шамамен маусым айында өтуі мүмкін. Ал iPhone 12 таныстырылымы қыркүйектен қазанға шегерілуі ықтимал.

Қолда бар дерек бойынша жаңа iPhone 400 доллар тұратын болады. Аппараттың техникалық сипаттамаларынан A12 Bionic процессорымен жарақтандырылғаны, 3 гб оперативтік жадтан тұратыны, iPhone XR үлгісіндегідей камера орнатылғаны белгілі.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар