Коронавирусқа байланыста колледждер мен ЖОО-лар онлайн оқуға көшеді

/image/2020/03/12/crop-55_25_563x751_021.jpg

15 наурыздан бастап Қазақтандағы университеттер онлайн оқытуға көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

– Колледждер мен ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Көптеген университеттер қазіргі таңда бұл тәсілді бұрыннан қолдануда, сол себепті қиындықтар болмайды деп ойлаймын. Қазір Classroom, Google секілді онлайн сабақ беруге арналған платформалар жетерлік, – деді министр. 

Мұның алдында Ералы Тоғжанов 16 наурыздан 5 сәуірге дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығатынын мәлімдеген болатын.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар