Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жеңіс күніне арналған әскери парад өткізбеу жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли
парақшасында жазды.– Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды, – деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ президент ірі кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істей беретінін атап өтті.
Пікір қалдыру