Коронавирусқа шалдыққан қазақстандықтар инфекциялық стационарға жатқызылды

/image/2020/03/13/crop-5_1_426x568_1030872671.png

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматыдағы инфекциялық стационарға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында айтты.

Министрдің айтуынша, олар 9 наурыз және 12 наурыз күндері елге келген. 

– Біз жеке ақпаратты жариялай алмаймыз. Бір әйел адам және бір ер адам екенін ғана айта аламыз. Алғашқы науқас 9 наурызда Германиядан, екіншісі 12 наурызда, яғни кеше кешке келген. 9 наурызда келген жолаушымен қатар ұшақта 73 адам болған. Бізде тізім бар. Олардың қайда екенінен хабардармыз. Оларды оқшаулап, карантинге жатқызатын мекеме іздестіріп жатырмыз. Олар науқас емес, тек 14 күнге карантинге жатқызылады, – деді Біртанов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар