Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавируспен ауырып жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты.
– Қазіргі уақытта 3 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, біреуінің жағдайы орташа. Науқастар бекітілген протокол бойынша емделуде. Олар вирусқа қарсы және симптоматикалық терапиялық емді дер кезінде бастады. Қазіргі уақытта ауруханада қажетті жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық құралдар қамтылған, – деді Әбілдаев.
Пікір қалдыру