Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабырлылық танытып, жеке гигенаны сақтауға шақырды. Бұл туралы ол twitter парақшасына жазды.
"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін! Біз біргеміз" деп жазды Тоқаев.
Пікір қалдыру