Алматы метросында жолаушыларды көк жөтелімен қорқытқан 23 жастағы жігіт қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлайды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКоронавирус в алматинском метро. Реакция людей бесценна? #пранк #коронавирус #метро #алматы
– Қазір онсыз да қиын жағдай кезінде азамат Х-ның әрекеттері күпірлік саналады. Хайп үшін бұл жігіт барлық моральдық-этикалық нормаға түкірді, сол үшін оны полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.
Кейінірек жауапқа тартылған азаматтың халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды.
Пікір қалдыру