Бүгін, 15 наурызда Қазақстанда тағы да 2 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
"Бүгін таңертең коронавирус жұқтырған 2 науқас тіркелді. Біріншісі науқас бұрын коронавирус табылған 1958 жылғы ер адамның әйелі. Олар Мәскеуден ұшып келген болатын. Соңғы анализ нәтижесі бойынша әйел адамнан коронавирус табылды. Қазір оның отбасы мен байланыста болған адамдар корантинге жатқызылды. Ал екіншісі 1995 жылғы ер адам кеше Сеулден Алматыға келген. Оның жанындағы жолаушылар карантинге жатқызылды" деді министр.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны сегізге жетті. Соңғы дерек бойынша, стационарлық карантинде 1425, үй карантинінде 496 адам жатыр.
Пікір қалдыру