Өзбекстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы агенттігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 15 наурызда сағат 06.00-де вирусология институтының зертханасында Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан коронавирус анықталған.
"Инфекция таралуының алдын алу үшін эпидемиологиялық тексеру және алдын алу шаралары жүргізілуде", - делінген ведомстваның хабарламасында.
Пікір қалдыру