Коронавирус: Карантинде жатқандар саны 1400-ден асты

/image/2020/03/15/crop-120_10_758x1011_juyhpwrk.jpg

Қазіргі уақытта ел аумағында 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

– Жалпы ел бойынша қазіргі таңда 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатыр. Тағы басқа мемлекеттен келіп жатқан азаматтар үш санат бойынша бақылауда немесе жалпы есепте тұрады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар мемлекеттік деңгейде ведомствоаралық комиссияның шешімімен қабылдануда. Өздеріңізге мәлім, жалпы үлкен шараларға тыйым салынып, олар тоқтатылды. Қазір қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілуде. Әрине, біздің негізгі мақсатымыз – осы коронавирус инфекциясының таратылуын тоқтату. Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті барлық шараны қабылдауда, – деді Елжан Біртанов

Оның айтуынша, халық көп жиналатын орындарда арнайы шаралар күшейтілген. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген азаматтарға байланысты барлық бақылау шарасы енгізілді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар