Атырауда қаржы пирамидасын құрушыларға қатысты сот отырысы басталды. Атыраудың №2 сотында қаладағы әйгілі «алтын мәшиненің» иесіне қатысты қылмыстық істің тыңдаулары басталған. Қазіргі таңда «алтын мәшиненің» иесі 84 миллион теңгені қаржы пирамидасын құру арқылы сыпырып кеткен деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Ақжайыққа» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, айыпталушы Ж.К., 2014 жылы Playtcoin ЖСШ-ны құрып тұрғындардан қаржылай салым жинаған. Ол аталмыш серіктестікті құрғанда реми органдардан банк операцияларын жүргізуге рұқсат алмаған. Ал компания өз кезегінде әр салымшыға 30 пайыздық сыйақы беруге уәде берген,-дейді Атырау облыстық сотының баспасөз-қызметкері Боранбай Галиев.
Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай, ЖСШ-ның салымшылары 134 адамға жеткен. Ал олардың салымдары 84 миллион теңгегені құраған.
Ал айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы, 2 тармағы бойынша («банктік алайақтық арқылы аса ірі көлемде пайда табу») және 3 бап, 2тармағы бойынша («қаржы пирамидасын құру және басқару») айып тағылған.
Нұрзат Тоғжан