БҰҰ Әлемдегі кедейшілікті 15 жылда жоятын құжат әзірледі

/uploads/thumbnail/20170708191031716_small.jpg

Осы жексенбі күні БҰҰ-на мүше елдер жетекшілері 2015 жылдан кейінгі жаһандық даму мәселелері жөніндегі құжатты қабылдауға келісті. 2 жылдан бері тұжырымдамасы дайындалып келген 29 беттік құжатты рәсімдеу қыркүйек айына жоспарланып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлаған.

Аталмыш құжатта 15 жылға жоспарланған 170 бағыт бойынша мәселелерді шешу жолдары  қарастырылған.

Соның ішінде ең маңыздысы – әлем мемлекеттеріндегі кедейшілік және оның барлық сипатымен күресу. Аштыққа ұшыраған елдерге азық-түлікті жеткізу, салауатты өмір салты, жыныс теңдігі (гендерлік теңдік), тұрақты энергетикаға қолжетімділік, экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындарын ашу т.б. мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

БҰҰ басшыларының бұл құжаттарының негізінде 700 миллионға жуық адамды кедейдіктен құтқару мақсат етілген. Сонымен қатар, ғаламдық аштық, жұқпалы індеттер, жыныс теңсіздігі, ауыз сумен қамтамасыз ету және санитария мәселелері де жоспарланған 15 жылдың көлемінде толық шешіледі деп күтілуде.

«Біз адамзатты тирандардың зұлымдығынан, аштық пен аурудан, кедейлік пен кіріптарлықтан құтқару үшін, осы және ертеңгі ұрпақ үшін  ғаламшарымызды бүгін қорғауымыз керек.  Ғаламды тұрақты болашаққа бастау үшін осындай батыл әрі маңызды шешімдерді ертеңге қалдыруға болмайды»,-дейді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза.
 

НұрзатТоғжан

«Қамшы» сілтейді
 

Қатысты Мақалалар