Бұл туралы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, республикада төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастыра бермек.
"...Азық-түлік және өнімсіз шағын дүкендер, сондай-ақ СОО-дан тыс орналасқан шағын және орта бизнестің өзге де сауда объектілері иелерінің қалауы бойынша жұмыс істейтін болады» деп жазылды министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты ел аумағаныда төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Онда бірқатар шектеулермен бірге, "ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын" делінген .
Пікір қалдыру