Төтенше жағдай күшіне енді. Кімдер шекара арқылы кіріп-шыға алады?

/image/2020/03/16/crop-33_-1_540x989_big_61c358d50aa11214ea20644073af4eb1.jpg

Қазақстан Республикасында бүгін, яғни 16 наурыз сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай күшіне енді. Ол бойынша бірнеше шара қабылданған. Соның ішінде ел аумағына кіру, елден шығуға шектеу қойылған. Сыртқы істер министрі қандай жағдайларда мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға болатынын мәлім етті.

1. Бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары;

2. Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

3. Осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;

4. Еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

5. Поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері; 

6. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал; 

7. Шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер; 

8. Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар); 

9. Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар