Алматыда 2008 жылы туған қыз баладан коронавирус табылды

/image/2020/03/15/crop-15_21_421x749_crop-98_3_581x774_kor.jpg

Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. 

"Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Ол – 2008 жылы туған қыз бала, Қазақстанға Германиядан ұшып келген" деді Ахметшәріп.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9-ға жетті. Олардың алтауы Алматыдағы, екеуі Нұр-Сұлтандағы ауруханада. Бұдан бөлек, елде қазір 1425 адам стационарлық, 496 адам үйдегі карантинде жатыр.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты елде бір айлық төтенше жағдай жариялаған болатын.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар