Британдық сарапшылар: Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады

/image/2020/03/16/crop-303_27_1045x1394_cb5c5fff90ed61edabe02d997e8920fd0e15b9cd.jpg

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатта "коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылып, ел халқының 80 пайызына әсер етеді" деген болжам жазылған. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

– Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, олардың 15 пайызы (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар, – делінген құжатта.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі 15 наурызда келтірген дерек бойынша инфекцияға шалдыққандардың саны 1372-ге жетіп, 35 адам қайтыс болған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар