Коронавирус. Қазақстанда үй карантиніне алынғандар артты

/image/2020/03/16/crop-50_39_587x880_picture2_koronavirus-poluc_364604_p0.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 наурыздағы жағдайды жариялады.

Бүгінде елде 9 адам коронавирус жұқтырған. Оның 7-еуі Алматыда, 2-екуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Стационарлық карантинде 1641 адам жатса, 981 адам үй карантиніне алынған. Кешегі жағдаймен салыстырғанда стационарлық карантинде жатқандар 3 адамға азайса, үй карантиніне алынғандар 337 адамға артқан.

Қытай мен өзге елден келген азаматтарды бақылау жалғасуда. Бүгінге дейін 2626 адам бақылауға алынған Олардың 1689-ына 1 "а" категориясы бойынша, 586 адамға 1 "б" категориясы бойынша мониторинг жүргізілуде. 503 адамға мониторинг тоқтатылды.

16 наурыздағы жағдайға сай 2123 адам бақылауда тұр.

 

 

Әлем бойынша 158 елде 163 374 адам коронавирус жұқтырған.

1 "а" категориясына кіретін Қытайда 80 884 жағдай тіркелген. Соңғы тәулікте 20 адам вирус жұқтырған. Италияда 24 747 науқастан вирус анықталды. Бір тәулікте 3590 жағдай тіркелген. Иранда 13 938 жағдай, тәулік ішінде 1209 оқиға тіркелген. Оңтүстік Кореяда 8162 , тәулік ішінде 76 дерек тіркелген.

1 "б" категориясы бойынша:

- Испанида – 7845 жағдай, (тәулік ішінде – 1454 жағ.), Германияда – 5813 жағдай (тәулік ішінде – 1214 жағ), Францияда – 5423 жағдай (тәулік ішінде – 954 жағ.).

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар