Мұнай бағасы 3 пайызға төмендеді

/image/2020/03/16/crop-144_18_871x1162_26uxan9zbakxaycfrulkkyogboyuqc8aor77d3bg.jpeg

Brent маркалы мұнай шикізатқа деген сұранысқа байланысты 3 пайызға арзандады. Бұл туралы Риа хабарлады. 

Brent маркалы мұнай 3,16 пайызға арзандап, барреліне 32,76 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мамыр фьючерсі 1,96 пайызға арзандап, барреліне 31,5 долларды көрсетуде.

Инвесторлар коронавирустың ғаламдық таралуы мен оның мұнайға деген сұранысына әсерін бағалауды жалғастыруда.

Еске сала кетсек, мұның алдында Brent маркалы мұнайдың 6%-ға қымбаттағаны хабарланған болатын.



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар