Б.Сағынтаев Алматыда карантин режимі қалай жүзеге асатынын айтты

/image/2020/03/17/crop-578_30_2157x3265_110459192500.jpg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 наурыз күні сағат 00:00-де енгізілетін карантиннің қалай жүзеге асатыны туралы мәлімдеме жасады.

Қала басшысының сөзінше, Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату.

Карантин бойынша төмендегідей шаралар қолға алынбақ:

– Өзін-өзі оқшаулау және үй карантині механизмдері арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу;

– Көшелерді, тратуарларды жуу, дезинфекциялау арқылы жұғу органдарын бұғаттау;

– Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитардық-эпидемиологиялық дезинфекцияны күшейту;

– Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуын шектеу. Қалаға кіреберістерде 27 блок-бекеттерін орнату. Бекеттерде патрульдік полиция полкі, қорғаныс министрлігі мен ұлттық гвардия күштері жұмылдырылады.

– Қалаға бірінші қажетті тауарларды (азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары) әкелу үшін жасыл дәліз құрылады;

– Карантин кезеңінде балабақшалардың, азық-түліктік емес сауда орындарының,  рін ойын-сауық орталықтары  мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.

Алдағы уақытта Алматы аумағында шектеу, алдын алу және індетке қарсы шаралардың толық тізбесі жарияланады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар