Жалған құжатпен Ауғаныстан азаматтары Алматыда ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708191041164_small.jpg

Кеше Алматы қаласында жалған төлқұжатпен жүрген Ауғаныстан азаматтары ұсталған. Бұл туралы «Қамшы» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша Алматыда ұсталған үш азаматтың қолында Ұлыбритания азаматының жалған құжаттары болған.

"Алматы әуежайындағы "Алматы" өткізу-бақылау бекетінде, "Дубай - Алматы" FZ-701 рейсінде Ұлыбританияның үш азаматы ұсталды. Азаматтардың құжаттарын тексеру барысында Ауғанстан Ислам Республикасы азаматының куәлігі мен Пәкістан Республикасы қауіпсіздік карталары табылды", - деп жазылған ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз хабарламасында.

Кейін анықталғандай ұсталған азаматтардың Ауғанстан Ислам Республикасынан Ауғанстан азаматы құжатымен Дубайға ұшып барғаны белгілі болған.

"Дубайда белгісіз адамнан Ұлыбритания азаматының құжатын алған. Кейін оны Қазақстан шекарасын кесіп өтуге пайдаланған. Олар Қазақстан арқылы Еуропаға кетпек болған", - деп жазылған хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азаматтарды қазір Дубайға жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар