Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтың кім екені анықталды

/image/2020/03/19/crop-123_20_378x503_142750rrr.jpg

Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған Ресей азаматы. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. 

– Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған азамат 1979 жылы туған. Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы, – деді Ахметшәріп арнайы брифинг барысында.

Еске сала кетсек, бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында анықталды. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар