"Алматыда коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы орташа"

/image/2020/03/19/crop-114_11_470x627_thumbs_b_c_bffb2be95f051d6b4f8c27c1436431bc.jpg

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы  туралы айтты. Бұл туралы Тengrinews хабарлады. 

Бұған дейін барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық екені хабарланған. Алайда, бүгін, 19 наурызда Әбілдаев бір науқастың жағдайы орташа дәрежеде екенін айтты.

– Қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас бар. Балалар ауруханасында 2 адам және коронавирус диагнозы расталған 1 әйел бар. 1 науқастың өкпесінде созылмалы обструктив ауруы бар болғандықтан оның жағдайы орташа дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық, – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар