Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат facebook желісіне жазба жариялады. Ол онда өз өмірі туралы, қандай қателіктер жасағаны туралы жазған.
"Мен осыған дейінгі жасаған күнәларым мен өмір жолым туралы айтуға дайынмын. Мен 1990 жылы 26 тамызда Алматы қаласында, ҚазКСР-де дүниеге келдім. Бұл хатымда барынша шыншыл болуға тырысамын. Мен жер бетіндегі ең жаман адам болдым, тіпті ақылға қонымсыз жамандықтар жасадым. Өзіме және отбасыма, жанымдағы жақындарыма жасаған жамандықтарым үшін қатты өкінемін және Алланың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын. Өзімнің жан дүниемнен жасаған жамандықтарымды көремін және бұл өте ауыр. Бірақ жанымның ауырғаны бір жағынан жақсы, бұл менің өмір сүріп жатқанымды білдіреді. Сондай-ақ менде барлығын өзгертуге мүмкіндік бар.
Балалық шағымда өте мейірімді бала болғаным есімде. Өкінішке қарай, тоғыз жасымда байдың балалары оқитын жаңа мектепке ауыстым. Кейін мейірімді болудың тиімсіз екенін түсіндім. Сыныпта мені барлығы мазақ қылып, жылататын. Таңнан кешке дейін жылайтынмын. Мен өмір сүрген қоғам санама жаңа идеологияны сіңірді. 2001 жылғы саяси кризистен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевтің арасында алғаш рет келіспеушілік пайда болды. Кейін Рахат Әлиевті Австрияға елші ретінде жіберді. Тағдырдың жазуына сай, мен де әкеммен бірге Қазақстаннан Австрияға көшіп бардым. Бізбен бірге әкемнің командасында жұмыс істеген бірнеше ҰҚК қызметкері де Австрияға көшті. Ал Дариға Назарбаева болса "Асар" саяси партиясының жұмыстарымен Қазақстанда қалды. Мені Рахат Әлиев тәрбиеледі. 11 жасымда әкемнің қызметкерлері қоғам үшін жабық болған "КГБ" әдебиетін үйрете бастады. Бұл әдебиетте әр адамның нәжіс екені бірақ жағдай жасасаң кез келген адамның үстінен нәжісті кетіруге болатыны жазылған. Сондықтан бұл жаттығу жағдайды қалыптастыруды үйретті. Ол менен полиция қызметкерін (оперативник) жасап шығарғысы келгендей. Теориядан бөлек практика да болды. Олар менің сеніміме кірді. Кейін кезек-кезек сатқындық жасады. Сатқындыққа төзу сондай ауыр еді. Бірақ мен кейін ешкімге ешқашан сенбейтін болдым. Бұл жайттар мен үшін өмірлік сабақ болды деп айта аламын. Жыл өткен сайын психологиялық тұрғыдан мықты бола бастадым. 16 жасымда жедел-іздестіру істеріне машықтанғаным соншалық, кез келген адамның сеніміне оңай кіріп, кез келген сырын біле алатынмын. Мен манипулятор болдым.
Бірақ бұл әрекеттерді жандүнием қаламады. Мені бұл жаман әлемнен құтқарған тек футбол болды. Мен тек футбол алаңында ойнап жүрген кезде ғана шынайы Айсұлтан бола алдым. Англияда футбол ойнауға кету үшін 2006 жылы мен Нұрсұлтан Назарбаев пен Рахат Әлиевті алдадым. Алдымен, Нұрсұлтан Назарбаев Роман Абрамович арқылы маған «Челси» клубын көрсетті. Бірақ мен бұл спортта талантты болмадым. Мықтылармен бәсекеге түспедім. Рахат Әлиев маған қатты ашуланды. Себебі мен Рахат Әлиевке емес Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасадым. Кейін Рахат Әлиев маған жақсы көріну үшін өзінің ескі досы Александр Гайдамак арқылы мені «Портсмут» футбол клубына қосты. Талантты болғаным үшін емес, таныс арқылы клубта ойнадым" деп жазды Айсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Айсұлтан Назарбаев экс-президенттің отставкаға кетуіне байланысты да пікір білдірді.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуінің артында Кәрім Мәсімов пен Тимур Күлібаев тұр. Бірақ қандай мақсатпен? Дариғаны толығымен орнынан ығыстырғысы келе ме?
Бірақ бұл адамдар қалайша менің ұстанымымды ашық түрде қолдай алады? Себебі олар Назарбаевтың ұлдарына адал болу туралы да ант берген. Ал олар өз уәделерін орындамады. Бүгін қызының аяғынан шалуға тырысса, ертең ұлдарын да ұрып-соғады. Бұл мемлекетті тез шешім қабылдай алатын бір ғана адам басқаруы керек. Біз одан президенттікке қайта оралуын өтінуіміз керек. Себебі оның мол тәжірибесі кризистен шығуға көмектеседі. Иә, келісемін Нұрсұлтан Назарбаев көп қателік жасады. Бірақ қазір оның президенттікке қайтып оралатын уақыты келді. Кім не ойлайтыны маңызды емес, бірақ ол қазіргі жағдайды түзетуге бел байлап оралғаны маңызды" деп жазды Айсұлтан Рахат.
Тағы оқыңыз!
♦ Тоқаев 1 жылда қандай президент болды?
Бакытжан
Айсултан очень порядочный человек, если есть в нём недостатки то вина ему политическая жизнь родителей. Парню недостаточно было уделено внимания, но несмотря на это он на правильном жизенном пути. Он искренен, это главное, мыслит реально оценивая ситуаций. Важно в дальнейшем порядочных людей вокруг него. Удачи Айсултан, тебя многие граждане знают и любят. Пусть Ангел защитит и прибудет рядом с тобой!
Аскарбек
Айсултан Назарбаев дурыс айтты косылам!
Аскарбек
Айсултан Назарбаев дурыс айтады...
ҰЛЫ АДАМ
ИӘ ОТЫЗ жылда ештеңе бітірмей халықты қайыршы қылғанан басқа енді сексенге келгенде немді бітіреді онан әрі қайыршы қылмаса.сондықтан ешқашан оның енді бізге керегі жоқ кетсін мүльде көзге көрінбесе жақсы болар еді.
Илеке
Қандай да болмасын адам өзін дұрыс жағынан және шынайы сенімділік таныту арқылы көрсетуге тырысады. Мұны жазған адамның бойында мұндай қасиеттердің біреуі де байқалмайды. Сондықтан бұл жазылған баспаға сену немесе сенбеу әр адамның санасының деңгейіне байланысты.
Еркегали
Сендердің дәуірлерің аяқталды Не болса да ешкімге кәзір сенбейді Қазақстанның азаматтары
торе
Контора. работает. шал. это. прошлое. надо. идти. вперёд. надо. перемен.
Асылжан
Дұрыс айтасыз
Карачалова Раушан Жаксылыковна
Назарбаев тан ешжаманшылык корнем жок бастысы елимиз тыныш бейбитшилик карттарымыз пенсиясын уакытылы алады енбек еткен адамга бары бар дукенде бастысы немерелер оссе бейбитшиликте сол жетеди согыс болсын Астананы гулдендирип койды Назарбаев тын келуине карсы емеспин рахмеееет ол кисиге ол киси шет ел согысып жаста да бейбитшиликте шакырып журетин
Д
Если так то Аллах рассудит, кто взялся за голову