Алматылықтармен мен қала іргесіндегі елдімекендердің тұрғындары көп баратын Алтын Орда базарында бүгін карантин жағдайына байланысты тек азық-түлік пен жеміс-жидек, көкеніс қатарлары ғана істеп тұр.
Есімін атамауды өтінген сатушының сөзінше, жеміс-жидек бағасы қымбаттамаған. Бүгіннен бастап облыс тұрғындары қалаға кіргізілмей жатқандықтан оны алатын адам да аз. «Тауарды өткізе алмай тұрмыз» деген ол сауданың түсіп кеткенін айтты.
Ет павильонындағы сатушылар да «бүгін сауда төмендеп кетті» деп отыр. Бірақ тұрғындар соңғы күндері етті жаппай сатып алған. Содан бері біраз сөрелер бос тұр. Сатушылар ет бағасы "қымбаттамады" дейді. Сиыр етінің килограмы 2000 теңгеден сатылып жатыр.
Қымбатшылық келген азық-түлік түрлерінің қатарында картоп көкенісі мен қант, күріш және сұйықмай бар. Бірнеше күн бұрын 90 теңгеден сатылған картоптың килограмы бүгінде 170-180 теңгеге дейін өскен. Қант 300 теңге, күріш 350 теңгеден сауданалып жатыр. 5 литрлық сұйықмайдың ең арзаны 2000 теңге.
Пікір қалдыру