Шетелде жүрген 5 мың қазақстандық шұғыл елге қайтарылады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов брифингте мәлімдеді.
– Барлығы шетелде жүрген 5 мыңнан аса қазақстандық туристі елге қайтару қажет. Әлем бойынша рейстер саны жаппай қысқарып жатқаны мәлім. Сондықтан оларды чартерлік рейстермен жеткізу шаралары қолға алынып жатыр. Мұның бәрі мемлекет есебінен емес, – деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, 23 наурызға дейін 4 мыңнан аса қазақстандық туристі елге әкелу үшін 18 рейс жоспарланған.
Пікір қалдыру