Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы десаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған 25 елордалықтың жағдайы жақсы.
"Қазіргі таңда барлық пациенттің жағдайы жақсы. Денсаулығына шағымы жоқ, дене қызуы қалыпты. Соңғы рет 7 азаматтан 19 наурызда коронавирус табылды. Олардың біреуі 8 наурыздан бері вирус жұқтырған пациентпен жақын араласқан адам ретінде стационарда жатқан. Алты адам да коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғаннан кейін стационарға жатқызылды. Үш пациенттің тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел байқалды, екеуінің қызуы көтерілген. Қазір бәрінің жағдайы бірқалыпты", - деді Сәуле Қисықова елордада өткен бифингте.
Пікір қалдыру