«Nur Otan» әлеуметтік пакеттерді байланыссыз жолмен таратуды жалғастыруда

/image/2020/03/20/crop-6_8_445x668_125324344600.jpg

«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Акция Қазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде елорда және Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде өтуде. Мәселен, бүгінде 720 отбасы атаулы көмек алды. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еріктілер күн сайын 400 үйге барады.

«Әлеуметтік жағынан осал 10 мыңға жуық отбасы партиядан қайырымдылық жиынтығын алады. Қазір карантин кезінде үйден ерекше себептерсіз шығуға болмайды. Сондықтан, біздің волонтерларымыз 2 апта ішінде оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге тырысады. Мұнда жарма, макарон, күріш, май, міндетті түрде медициналық маскалар, антисептиктер секілді заттар қамтылған. Сонымен қатар біз коронавирустың алдын алу бойынша қажетті ақпараты бар жаднамаларды да таратамыз», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары шеңберінде мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн.теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына байланыссыз жеткізуі үшін медициналық маскалар, антисептикалық құралдар және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алды. Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты пен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақысын аударған болатын.

Өңірлердегі партия мүшелері де сырт қалмады. Мысалы, Шымкент қаласының кәсіпкері Қайрат Молдасейітов карантин жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге 20 млн теңге бөлді. Оның бастамасын қарағандылық кәсіпкер, «Nur Otan» мүшесі Ғабдолла Дүйсенбаев қолдады. Ол экспресс-тест сатып алу үшін қайырымдылық көмек ретінде 5 миллион теңге аударды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы да қазақстандықтарды қолдау көрсетуге шақырды. Нұротандықтар демеушілік көмек көрсеткісі келетін азаматтарға арнайы шот ашты.

Көмек жіберу үшін деректемелер:

«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

СТН 600300567791

БСН 080740011034

ЖСК № KZ826010131000165601

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

КБЕ 18 ТТК 119

Телефон: 8 (727) 396-74-20

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар