Бұл туралы Жоғарғы Сот баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Садуақасов өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.
"Пандемия ахуалы барша қазақстандықтарды біріктірді. Жоғары сот органының өкілдері ел басына түскен жағдайға бей-жай қарамай, коронавируспен күреске бір күндік жалақыларын аударды.
Қаражат карантин режимі енгізілген Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында COVID-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралу қаупін азайтуға қажетті шараларды іске асыруға бағытталатын болады", делінген баспасөз хатшы жазбасында.
Пікір қалдыру