Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында 19 наурызда COVID-2019 ошағы аймағында ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
20 наурыздағы эпидемологиялық жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды. Бұл 2 жекеменшік үй мен 8 көппәтерлі тұрғынүй:
- Алтай шағынауданы- 1, 8;
- Жасқанат шағынауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А;
- Зенков, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1.
Барлық індет ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру