19 жасар қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыға пышақ салған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708191049245_small.jpg
Астананың «Шанхай» базарында «Астана - Шымкент» бағытының автобус жүргізушісі ОҚО-ның  екі ер азаматын  ұрып-соққаны үшін ұсталды.  Бұл туралы «Қамшы» сайты Tengrinews.kz сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
 
Оқиға барысына тоқатала кетсек, жаға жыртысу Астана қаласының «Шанхай» базарында болған. «Астана-Шымкент» бағытымен жолға жиналған жігіттер кенеттен ауылға қайтпайтын болып, төлеп қойған 7 мың теңгесін кері қайыруды талап етіпті. Қаны басына шапқан автобус жүргізушісі қалтаға түскен қаржыны қайтарғысы келмесе керек.  
Төбелес  жолақысынан басталған. Ауылға қайтудан айнып қалған шымкенттік қос жігіт автобус жүргізушісінен ақшаларын кері қайыруды сұрапты. Бірақ, жерлестер өзара келісе алмапты. Жүргізуші ақшаны қайтармақ түгілі, қайта серіктестерімен қосылып жолаушыларды жағадан алған. Араша түсер жан табылмай, ақыры ерегес - төбелеске жалғасқан. Оқиғаның шиеленісін сезген шикіөкпе дереу оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.     
Тергеу - анықтау нәтижесінде полиция хабарламасына сүйенсек: "бұл дерек бірыңғай тізбеде ҚР ҚК 107-бабы бойынша тіркеліп, Соталды тергеу басталды", - деп оқиға барысынан хабар берді.  Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлерінің ОҚО-ның 19 жастағы тұрғынының ұсталғаны хабарланды.
 
"Қамшы" сілтейді

Қатысты Мақалалар