Коронавирус: Алматыда маска сататын дәріханаларға бейнебақылау камералары орнатылады

/image/2020/03/21/200321152949932e.jpg

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Брифингте белгілі болғандай, Алматыда қазір қарапайым масканың бағасы 87 теңге деп бекітілсе, көмір фильтрлі маска 111 теңгемен сатылуда.

«Ол үшін Алматыда 48 дәріхана белгіленіп, барлығына бейнебақылау орнатылды. Бейнебақылаудағы жазба бір айға дейін сақталатын болады. Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», - деді Арлан Қалуетов.

Оның айтуынша, қалада қазір бағаны негізсіз көтеру мәселесі бойынша тұрғындардан шағымдар көп түсуде. 

«Біздің департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шараларды қолға алды. Бетперденің бағасын негізсіз көтеру фактілері бойынша департамент тарапынан нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша бізге келіп түскен шағымдар көп», – деді ресми өкіл.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар