Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы анықталды, қазіргі таңда қалада 61 адам карантинге жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
– Біреуі шетел азаматы – 1976 жылғы дипломат, Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді. Бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екіншісі 1970 жылғы Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда жатыр, жағдайы орташа, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Пікір қалдыру