Қазақстанда коронавируспен тағы да бір науқас тіркелді

/image/2020/03/22/crop-24_8_871x1162_wmr0m3vj.jpg

Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Ол Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген жолаушы. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. 

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді" делінген министрлік таратқан хабарламада.

– Ол – 1992 жылы туған қыз. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық, – деді Диас Ахметшәріп.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар