Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театры өз қойлымдарын онлайн режимде ұсына бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы театрдың facebook парақшасында хабарланып, аталған ұжымның бұндай қадамға баруына шаһардың толық карантинге жабылуы себеп болғаны да айтылған.
"Құрметті оқырмандарымыз, көрермендеріміз! Алматы қаласында карантинге байланысты Ғабит Мүсірепов театрының қойылымдарын онлайн режимде өздеріңізге ұсынып отырмыз. Карантин уақытында үйде отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүйікті театрыңыздың сүйікті қойылымдарын "YOU TUBE" әлеуметтік желісінен тамашалауға шақырамыз" делінген хабарламада.
Осылайша, театр жоғарыда аталған туындылардың ішінде жаныңыз қалаған қойылымды онлайн ұсынуға дайын екендерін жеткізеді.
Пікір қалдыру