Бүгін, 25 наурызда Шымкент қаласында коронавирус табылған екінші адам індетті өзінің ұлынын жұқтырған. Бұл ақпаратты Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.
"Бүгін диагнозы расталған азамат – кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен қарым-қатынаста болғандықтан, ол 24 наурыз күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25-наурыз күні вирус жұқтырғаны анықталды" деп жазды коронавирусқа байланысты ашылған ақпарттық сайт.
Кеше Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бірінші адам – 24 жастағы ер азамат анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі оның 19 наурызда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барғанын хабарлады. Ол адаммен бірге автобуста 51 адам келген. Олардың 35-і табылып, карантинге жатықызылды. Қалған 16 адам іздестіріліп жатыр.
Пікір қалдыру