Алматыда карантин режимі күшейтіліп, тағы бірқатар нысандар жабылады

/image/2020/03/25/crop-3_59_243x432_crop-23_40_330x440_crop-128_96_768x1024_140641595400.jpeg

Ертеңнен Алматыда азық-түлік  сататын орындар мен дәріханалардан басқа барлық нысандар жабылады. Бұл туралы онлайн брифинг өткізген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

Оның сөзінше, бұл шешім төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік коммиясиямен бірлесе отырып қабылданған.

"Бүгіннен бастап біз қызмет көрсету және сауда саласындағы кейбір кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қойылған шектеуді кеңейту туралы шешім шығардық. Мұның алдында ірі сауда орындары, сауда ойын сауық орталықтары, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану орындары жабық болатын. Ал ертеңнен бастап жаңа режім күшіне енеді. Яғни, азық түлік дүкендері мен дәріханадан басқа барлық нысандар жабылады" Тұяқбаев. 

 

Әкім орынбасараның айтуынша, қалада дәмхана мен қоғамдық тамақтану орындарынан тамақты үйге алып кетуге болады. Ал азық-түлік емес сауда орындарының үлкен-кішілігіне қарамастан түгел жабылады. Тұяқбаевтың айтуынша, жабылатын нысандардың қатарында автосалондар, автобөлшек сатын орындар, гүл сататын павильондар, химиялық тазалау орталықтары, фотосалондар, оптика салондары, ломбард, жылжымайтын мүлік бойынша агенттіктер, ТҚКО-лар бар. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар