Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыз сағат 01:10-дағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелгенін хабарлады. Осылайша елде вирус анықталған азаматтар саны 81-ге жетті.
Осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласында – 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам анықталды.
Еске сала кетсек, Алматыда карантин режимі күшейтіліп, тағы бірқатар нысандар жабылатыны хабарланған болатын.
Пікір қалдыру