Коронавирус анықталған қазақстандықтар саны 88-ге жетті

/image/2020/03/26/crop-190_100_768x1024_whatsapp-image-2020-03-21-at-19.07.41-1.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус анықталған азаматтар саны бірнеше адамға артып, 88-ге жеткенін хабарлады.

26 наурыз күні министрлік алдымен 5 науқастың, артынша тағы 2 науқастың тіркелгенін мәлімдеді.

Соңғы дерекке сай, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.

Төтенше жағдай кезіндегі кезекті шара ретінде бүгіннен бастап Алматыда азық-түлік  сататын орындар мен дәріханалардан басқа барлық нысандар жабылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар